Бүгін «Летовочный орта мектебі» КММ-де жалпыұлттық диктант өткізілді. Бұл акция мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге және азаматтар арасында сауаттылықты арттыруға бағытталған ауқымды мәдени-ағартушылық шара болып табылады.
Іс-шараның мақсаты – қазақ тілінде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, тіл мәдениетін жетілдіру және мемлекеттік тілге құрметпен қараудың маңыздылығын насихаттау.
Акцияға өзін-өзі жетілдіруге ұмтылған және ұлттық құндылықтарға құрметпен қарайтын мектептің педагогтары белсенді қатысты.
