Құрметті әріптестер ! Сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! — КГУ «Летовочная средняя школа» отдела образования Тайыншинского района

Құрметті әріптестер ! Сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Новости
Құрметті әріптестер ! Сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз мейрамы — Қазақ халқының ұлы мәдениеті мен бай салт-дәстүрінен бастау алған мереке ізгілік пен ынтымақ, татулық пен сыйластық сынды мәңгілік құндылықтардың жаршысы саналады.
Жыл басы — Наурыз күн мен түннің теңелер шағы ғана емес, символдық мәні бар үлкен мереке саналады. Барлық бастаманы, ұлы істі ырымшыл халқымыз осы күні бастаған.
Жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған мейрам. Тамыры тереңге кеткен әз-Наурыз елдің береке-бірлігін бекемдейтін, еңсесі биік елдікті білдіретін, ырыс пен ынтымақтың мерекесі.
Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңейетін кезеңі — НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН
Бұл мереке сіздерге шуақты күндер мен жағымды сәттер сыйласын. Шаңырақтарынызға құт-береке төгілсін, бейбiт күннің арайлы шуағы мейлiнше төгiле түссiн, отбасыларыңызға- амандық, денсаулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз! Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!
______________
Поздравляем всех светлым праздником Наурыз мейрамы!
Олицетворяя собой неразрывную связь времен и поколений, Наурыз мейрамы отражает величие культуры и традиций казахского народа, напоминая нам о значимости вечных ценностей: доброты, милосердия и взаимопомощи.
Поздравляем вас с весенним праздником! Пусть ваша жизнь наполнится солнечным светом и радостью. Пусть Наурыз принесет вам удачу во всех начинаниях, здоровье и силы реализовать все задуманное. Пусть в вашей семье царит мир и достаток!
В этот день люди прощали все обиды, помогали нуждающимся, сажали деревья. Желаем, чтобы в каждый дом Наурыз мейрамы принёс энергию созидания, счастье и процветание.
С праздником Наурыз, друзья! Пусть счастье никогда не покидает ваш дом! Возможно, это изображение 7 человек и текст
Поделиться с друзьями
КГУ «Летовочная средняя школа» отдела образования Тайыншинского района